БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

 «Айкөркем» бөбекжай  балабақшасы»  жеке мекемесі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыСозақ  ауданының    «Айкөркем»  бөбекжай  балабақшасы   жеке мекемесі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)Түркістан облысы. Созақ ауданы. Абай ауылы.  Қ.Шәкәрім №13 А.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон  8 777 198 65 83
электронды поштасы aikorkem.abay@qmail.com  
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Молжігітова Айымкүл Жұматайқызы «Айкөркем» бөбекжай  балабақшасы жеке мекемесі құрылтайшысының шешімі бойынша 2023 жылғы 16 қаңтар  айының  № 2 бұйрықпен тағайындалып, бекітілген.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 05.03.2019ж наурыз. БИН:  160540007066
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон  2021 жылғы 24 қаңтар KZ35RVK00036232 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2016 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты ыңғайластырылған үлгіде
9Топтар саны3 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші топ -күні бойы Ортаңғы топ- күні бойы Мад  топ – күні  бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны  70 балаға арналған. №X.09.X.KZ93VWF00057557  Дата:26.01.2022ж. (г.) KZ56 RYS00203645  Дата:17.01.2022ж. (г.) санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1 қабатты ыңғайластырылған жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 70  орындық,3 топ жұмыс жасайды. Әр топ  20 және 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00 — бастап 17.00 сағатқа дейін. Үш  топ жұмыс жасайды. Кіші топ “Балбөбек”. Ортаңғы топ: «Балауса» мад топ :«Балдырған» топтарында мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі сыртқы жеке бөлмеге орналастырылған пеш.  Кәріз жүйелері  жасалынған, су жеке құдықтан кіргізілген. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. 

Бөбекжай балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Теледидар – 2 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 3 дана;

— Принтер – 2 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.